Аргентинаның бірнеше қаласында әуежайдағы жүк тасушылар ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинаның бірнеше қаласында әуежайдағы жүк тасушылар ереуілге шықты

16.08.2023

Аргентинаның бірнеше қаласында әуежайдағы жүк тасушылар ереуілге шықты. Осының салдарынан 10 мыңдай жолаушы жолынан қалды. 60-тан астам ұшақ рейсі тоқтатылған. Шеруді терминалдың ұшу-қону аймағында жолаушылар жүгін тасымалдау, жөнелту және жеткізумен айналысатын жұмысшылар бастаған сыңайлы. Олар мен әуежайға қызмет көрсететін компания арасында кикілжің туындаған. Ереуіл 20 сағатқа жалғасты. Мәселеге елдің еңбек министрлігі араласып, тараптармен келіссөз басталды.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу