АҚШ-тың бірнеше қаласында ондаған мың оқушы ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың бірнеше қаласында ондаған мың оқушы ереуілге шықты

15.03.2018

«Біздерді қорғаңыздар!», «Ойлар мен дұғалар оқты тоқтата алмайды» деп ұрандатқан балалар еркін қару саудасына наразылық білдірген. Нью-Йорктен Лос-Анджелеске, Чикагодан Хьюстонға дейін жалғасқан манифестацияға «Ұлттық мектеп ереуілі» деген атау берілді. Осы шара арқылы оқушылар конгрессмендердің назарын қару саудасын бақылауға  аударғысы келген. Бастапқыда демонстранттар шеруді 17 минут бойы өткізуді жоспарлады. Айта кетсек, Парклендегі мектепте ақпанның 14-де болған атыстан осыншама адам қайтыс болғаны белгілі.

Дегенмен, акция біткеннен кейін оқушылардың көбі сабаққа бармады. Наурыздың 24-де Вашингтон мен елдің өзге де қалаларында  қару мәселесіне қатысты тағы бір ауқымды ереуіл өтпек. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу