Алматыда экономикалық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда экономикалық форум өтті

15.08.2023

Көрші елдің валютасы әлсіресе біздің нарыққа арзан тауар ағылары анық. Ал бұл сырттан шикізат әкеліп, өнім шығаратын отандық өндіріске оңай соқпайтыны белгілі.  Яғни, бағаға келгенде бәскелесу қиын. Десе де, осы тұста экспортты ұлғайтуға мүмкіндік мол дейді кәсіпкерлер. Бұл туралы Алматыда өткен экономикалық форумда айтылды.

Аслан Назаралиев, кәсіпкер:

Шикізат шығаратын дүниежүзілік мысалы Германия сияқты басқа мемлекеттерден келді. Барлығының келіп айтқаны: шикізатты сендерге жібере аламыз, бірінші көреді шынымен өндіріс жүр ме екен деп . Сосын дайын өнім жіберсең болады Ресейге, бірақ шикізат жібергізбейді. Сондықтан біздің артықшылығымыз жақсы. Ресейге шығару жақсы, мүмкіншілік бар. Осы жерге әкеп, істеп Ресейге шығару, өйткені Ресейдің нарығы 10 есе үлкен. Кедендік одақтың жақсы жері арамызда кедендік баж салығы жоқ.

Кәсіпкерлер экспорт көлемін арттыру үшін салықтық жеңілдік жасалуы қажет екенін алға тартты. Атап айтсақ айналымы 60 миллион теңгеден асатын бизнес иелеріне 12 пайыздық қосымша құн салығанан басқа да салықтық міндеттемелерді жеңілдету керек деген ұсынысы бар.

Мақсат Халық, экономист:

Бұл жерде ұсыныстар да айтылып жатыр. Неге ол 300 миллионнан асып айналымға шықсын, сосын салық төлесін. Ал 60 миллионның айналымына енді шыққан кәсіпкер әлі аяғына тұрмады. Оған салық салса қалай дамытады? Қосымша құн салығы салынады, жеке табыс салығы салынады. Оның бәрін қосып есептегенде кәсіпкерлерге 30 пайыздық салықтық жүктеме алып келеді. Ол қаражатты салық ретінде төлегеннен гөрі бизнесін одан әрі дамытуға, қосымша өндіріс орындарын ашуға, қосымша жұмыс орнын ашуға болатын еді.

Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу