Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыста тізе бүккеніне 78 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыста тізе бүккеніне 78 жыл толды

15.08.2023

Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыста тізе бүккеніне 78 жыл толды. Осы датаны атап өту шарасына премьер-министр Фумио Кисида мен император Нарухито қатысты. Жиында сөз алған лидерлер елдің соғыстан кейінгі пацифистік саясаты әрі қарай жалғасатынын мәлімдеді.

Жапон үкіметінің өкілдері мен аймақ басшылары мемориалға гүл шоқтарын қойып, соғыс құрбандарының рухына тағзым етті. Жаһандық соғыстың аяқталғанына 80 жылға жуық уақыт өтсе де зардабы әлі ұмытылған жоқ. Жапония мен оның Қытай, Оңтүстік және Солтүстік Корея тәрізді көршілері арасында шиеленіске күні бүгінге дейін себеп болып келеді. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу