Қарағандылық соғыс ардагерін әскери бөлім қызметкерлері Жаңа жылмен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық соғыс ардагерін әскери бөлім қызметкерлері Жаңа жылмен құттықтады

30.12.2016
Қарағандылық соғыс ардагері Исмагил Галиуллинді 36352-ші әскери бөлімнің өкілдері Жаңа жылмен құттықтап келді. Жасы 90-ға келген ақсақал қайратты. Өмірге деген құштарлығы зор, үнемі қоғамдық жұмыстарға араласып жүретін ардагер бүгінде барша әскерилердің сүйіктісіне айналған. Ол екінші дүниежүзілік соғыста танкші болған. Қария қазір де темір сауытты алпауыт техниканы еркін басқарады. Жаңа жыл қарсаңында құттықтай келген әскерилерге ардагер ақ тілегін жаудырды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу