Мемелекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемелекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты

15.08.2023

Мемелекет басшысы Махачкала қаласындағы жанармай стансасында болған жарылыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

«Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта. Дағыстан Республикасының астанасы Махачкалада жанармай құю станциясында жарылыс болғанын бұған дейін хабарлаған едік. Алапат өрттен қаза тапқандар саны 27 адамға жеткен. Тағы 60-қа тарта адам жарақат алған. Жергілікті үкімет өкілдерінің сөзінше, өрт алдымен жол бойындағы көлік жөндеу шеберханасында басталған. Мұнан соң жақын маңдағы жанармай станциясына жетіп, газ толы екі цистерна атылған. Соңғы мәліметке қарағанда, 500 шаршы метрдей аумақ жанып кетті. Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу