Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

04.04.2017

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті Санкт-Петербург қаласы метросындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Бұл оқиға қабырғамызды қайыстырды, Ресей Федерациясы халқының ауыр қайғысына шын ниетімізбен ортақтастығымызды білдіреміз», – делінген жеделхатта. 

Хабарламаларға жазылу