Астанада екі құрылысшы 15-қабаттан құлап мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада екі құрылысшы 15-қабаттан құлап мерт болды

11.08.2023

Астанада екі құрылысшы 15-ші қабаттан құлап мерт болды. Қайғылы оқиға 10-шы тамыз күні , 20 қабатты «A-City» тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісінде болған. Қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде монтаждау кабелінің үзілуі салдарынан 15-ші қабат биіктіктен 2 жұмысшының құлағаны анықталды. Полиция департаментінің ақпараты бойынша 20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында қайтыс болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды.

Рустам Жандосов, қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының бас маманы:

Қазіргі таңда комиссия құрылды. Жұмыс тоқтатылды. барлық мән жай анықталады.


Хабарламаларға жазылу