Алматыдағы құрылыс нысанында жұмысшы мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы құрылыс нысанында жұмысшы мерт болды

10.11.2021
0:00:00
0:00:00

Алматыда құрылысшы биіктен құлап, мерт болды. Оқыс оқиға қалада жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарының бірінде болған.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, 25 жастағы азамат қауіпсіздік белбеуінсіз жұмыс істеген. Жоғарыда жүрген оның аяғы тайып, жерге құлаған. Ауыр дене жарақатын алған жұмысшы жедел жәрдем бригадасы жеткенше мерт болды. Қазір осы іс бойынша сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары басталды.


Хабарламаларға жазылу