Шымкентте гүл ұрлаған азаматтың бұрынғы полиция қызметкері екені анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте гүл ұрлаған азаматтың бұрынғы полиция қызметкері екені анықталды

11.08.2023

Шымкентте гүл ұрлап, сатушыны итерген азаматтың бұрынғы полиция қызметкері екені анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ақ жейде киген адам үстелден қайшыны алып, сатушыға тап берген. Қазір күдікті қамауға алынды. Ал қара жейдедегі екінші азамат сатушыға күш қолданып, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен.

Оның Қаратау аудандық полиция басқармасының бұрынғы қызметкері екені анықталды. Осы жылы мамырда өз өтінішімен ішкі істер органдарынан жұмыстан шыққан. Дүкен иесі арыз жазудан бас тартқан. Бұл жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу