Шымкенттегі гүл дүкенінде болған оқиға: Шенеунік қатаң сөгіс алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі гүл дүкенінде болған оқиға: Шенеунік қатаң сөгіс алды

15.08.2023

Шымкенттегі гүл дүкенінде сатушыны қорқытып, гүл ұрламақ болған экс-полицейдің жанындағы шенеунік қатаң сөгіс алды. Ол Шымкенттегі Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып шыққан еді.

Еске салайық, Шымкентте гүл ұрлап, сатушыны қорқытқан адамның бұрынғы полиция қызметкері екенін бұған дейін хабарлаған едік. Ол үстелден қайшы алып, гүл сатушыға тап берген. Қазір күдікті қамауда.   


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу