Алматыда тапанша кезенген ер адам балабақшаға кірмек болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тапанша кезенген ер адам балабақшаға кірмек болды

24.09.2021

Алматыда тапанша ұстаған ер адам балабақшаға кірмек болды. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы жарияланды. Куәгерлердің сөзінше ер адам қызымен бірге балабақшаға келген. Ол өзін ғимаратқа кіргізуді талап етіп, мекеме қызметкерлеріне тапанша кезенген. Күзет қызметкері бірден полиция шақырды. Кейіннен қарудың газ тапаншасы екені белгілі болды. Құжаты да бар болып шықты. Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады. Қаруды ұстауға арнайы рұқсат қағазы бары анықталғанымен, іс тіркеліп, ол азаматтың әрекеті заң аясында қаралады. 


Хабарламаларға жазылу