Талас ауданы әкімдігінің қызметкері оққа ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талас ауданы әкімдігінің қызметкері оққа ұшты

08.09.2021

Жамбыл облысында Талас ауданы әкімдігінің қызметкері оққа ұшты. Оның денесі өз көлігінің жанынан табылды. Оқиға осыдан бірер күн бұрын болған. Қаза болған азамат Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі екені анықталды. Ішкі істер бөліміне аудан орталығы Қаратау қаласындағы көшелердің бірінде белгісіз ер адамның оқ тиіп қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Елжан Күмісбек, Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеушісі:
Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 105 бабына сай іс қозғалды. Қазіргі уақытта аталған азаматтың Талас ауданы әкімдігінің қызметкері екені анықталды. Іс бойынша сот-сараптамалары тағындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Талас ауданы әкімдігі өкілдерінің хабарлағанындай  дәл осы бөлімнің бұрынғы бастығы Нұрлан Күдертаевқа қатысты тергеу ісі өткен жылдың аяғында басталған. Қазір ол қамауда отыр. Оған мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген айып тағылған.


Хабарламаларға жазылу