АҚШ-та ескі көліктер судан табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та ескі көліктер судан табылды

10.08.2023

АҚШ-тың Флорида штатындағы көлдердің бірінен ескі көліктер табылды. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, су астында барлығы 32 көлік жатыр. Оның 4-уі шығарылды. Көл түбіндегі шөгінділерден оларды шығарып алу қиынға соғып тұр. Полицияның текcеруінен соң, суға батқан көліктердің арасында ұрланғандары да бар екені анықталды. Айта кету керек, бұл машиналарды жоғалып кеткен адамды іздеген дайверлер тауып отыр.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу