Маңғыстау облысындағы кен орнында өрт әлі өшкен жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысындағы кен орнында өрт әлі өшкен жоқ

04.08.2023

Маңғыстау облысындағы «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнында тұтанған өрт, әлі өшкен жоқ. Жалын маусымның 9-ында бұрғылау жұмыстары кезінде тұтанған. Содан бері қызыл отпен күрес әлі жалғасып жатыр. Өрт салдарын жою үшін арнайы штаб құрылған. Оқиғаның себептерін анықтауға министрлік тарапынан комиссия құрылған еді. Халықаралық компаниялармен апатты жоюдың түрлі тәсілдері қарастырылып жатыр. Облыстық экология департаментінің дерегінше, ұңғымадағы жалынды өшіру техникалық тұрғыдан күрделі. Дегенмен елді мекендерге қауіп жоқ деп мәлімдеді. Сонымен қатар ауаны жүйелі түрде тексеріп отырғандарын жеткізді.

Торғын Оспанбаева

Хабарламаларға жазылу