Қаламқас кенішіндегі ұңғымадан газ атқылап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаламқас кенішіндегі ұңғымадан газ атқылап жатыр

24.05.2019

Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнында тағы да төтенше жағдай. Кешеден бері мұнай және газ өндіретін 2-цехта су аралас газ атқылап жатыр.

Шұңқыр газ шығатын ұңғымадан 35 метр қашықта. Қазір оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмыс істеуде. Арнайы штаб құрылып, республикалық зерттеу институтынан келген мамандар  жұмыстарын бастады. 2 ай бұрын дәл осы кен орнында төтенше жағдай тіркеліп, су аралас газ 3 күн бойы жанды.

Қуанар Базарбаев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

- Қазір топырақ сеуіп жатырмыз. Маңайдағы құбырлардағы суды тоқтаттық. Қысым болмау үшін. Қазір грифонның қысымы кішкене төмендеді.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу