Қарағандыда қала шетінен 4 мылтық пен 1 тапанша табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда қала шетінен 4 мылтық пен 1 тапанша табылды

04.08.2023

Қарағандыда қала шетіндегі орман алқабынан 4 мылтық пен 1 тапанша табылды. Бұдан бөлек 200-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді. Табылған заттарға тиісті сараптамалар тағайындалды. Тәртіп сақшылары қаруды, оқ-дәрiлердi заңсыз иемдену, сақтау бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес іс қозғап, тергеуді бастады.

Аталған баптың санкциясына бойынша, қару жасырғандарға 5 жылға дейін бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу