Жаңатас қаласында қару-жарақты заңсыз сақтағандар ұсталды
Жамбыл облысының Жаңатас қаласында қару-жарақты заңсыз сақтады деген күдікпен 26 жастағы тұрғын ұсталды. Іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері жеңіл көлікті тоқтатқан. Алайда жүргізуші заң талабына бағынбай қарсылық көрсетіп, қашпақ болған кезде көше бойында тұрған көлікті соғады. Сол мезетте автокөлік есігін ашып, оны сыртқа шығармақ болған полиция қызметкерін көлігімен сүйрей жөнеледі. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтату үшін алдымен аспанға, одан соң дөңгелегіне оқ атуға мәжбүр болған. Ақыры автокөлік аялдамаға соқтығысады. Машина салонынан тегіс ұңғылы 2 мылтық және 1 тапанша мен оқ дәрілер табылды. Бұдан бөлек, газды-дыбысты граната тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Нұрдос Болатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аргентина мен Англия финал жолдамасына таласады
15.07.2026, 20:20
Шымкентте инсультті анықтауға ЖИ көмектесе бастады
15.07.2026, 20:17
Қызыл кітапқа енген дала қырандары бақылауға алынды
15.07.2026, 20:14
«Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» жеті томдығы баспаға жіберіледі
15.07.2026, 20:12
БҚО-да көкөніс қоймаларының құрылысы қарқын алды
15.07.2026, 20:10
Жаһан жаңалықтарына шолу
15.07.2026, 20:08
Елорданың басты су нысандары жаңартылып жатыр
15.07.2026, 20:06
Экологиялық талапты бұзған 3 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
15.07.2026, 20:05