Қызылордада далада жасырылған қару-жарақ табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада далада жасырылған қару-жарақ табылды

02.06.2022

Қызылордада полицейлер атыс қарулары жасырылған орынды анықтады. Тапанша, шолақ мылтық пен бірнеше оқ қала шетіндегі далалық жерден табылған.

Сондай-ақ қару көмілген жерден асхана пышағы, күштік құрылымдардың арнайы құралдары, каска, резеңке таяқ, темір кісен және қызметтік киім де шыққан. Бұл Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақ болуы да мүмкін. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері олардың нақты кімге тиесілі екені анықтап жатыр.


Хабарламаларға жазылу