Диқандар өнімін өз бетінше экспорттауға мүмкіндік беруді сұрайды
Еліміздің астық өндірушілері экспорттан қағылуы мүмкін. Бүгін дихандар осылай деп дабыл қақты. Олардың айтуынша қазір Үкімет нарықты реттеп, бидай, арпа, тары өсіретін кәсіпкерлерге өнімін өз бетінше экспорттауға мүмкіндік бермей отыр. Соның салдарынан биыл Иран нарығынан айырылып қалу қаупі бар. Оның үстіне елімізге шетелден заңсыз кіргізілетін астыққа әлі тосқауыл қойылмай отыр дейді шаруалар. Өйткені оның бағасы әлдеқайда арзан болғандықтан, өзіміздің астықтан гөрі, контрабандалық жолмен келген өнімге сұраныс жоғары.
Қазыбек Омаров, Қазақстан астық одағының өкілі:
Заңсыз Қазақстанға әкелініп, қазақстандық деп құжат жасалып, кейін әрі қарай үшінші елдерге кететін бидай жайлы айтып отырмыз. Соны тоқтату керек. Ол бидай себебі біздің шаруа қожалықтарына зиян тигізеді. Мемлекеттік бюджет құн салығын, пайда салықтарын алмайды.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12