Күзде қант қымбаттауы мүмкін
Күзде қант қымбаттауы мүмкін. Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, бұған көрші елдегі жағдай әсер етпек. Өйткені біздің нарық Ресей қантына тәуелді екені белгілі. Ел азаматтары тұтынатын тәтті өнімнің 75 пайызы сол жақтан жеткізіледі. Ал өзімізде шығарылатын қант жетпейді. Сондықтан көрші елде баға көтерілсе, қазақастандықтардың да қалтасын қақпай қоймайды дейді министр. Қазір елімізде бұл тауардың бағасы әртүрлі. Келісі 500-ден 760 теңгеге дейін сатылады. Айта кетейін, былтыр Ресей қант экспортын тоқтатып, бізде тапшылық болған еді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12