Өнім экспортында кедергілер бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнім экспортында кедергілер бар

16.02.2017
«130 миллион доллар. Қазақстан бизнесі өнімдерін Ресей порты арқылы экспортқа шығара алмағандықтан осынша қаржыдан қағылып отыр». «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері осылай деді. Біздің кәсіпкерлер шетел асырылатын тауарларын тиеу үшін кезекке тұрады.
Алайда, бұл кезек уақытында келмейді. Нәтижесінде қазақстандық өнім тиелген кеме Волго-Дон кеме жүзу арнасына шыға алмайды. Мамандардың айтуынша, порт қызметін пайдалану туралы арнайы келісім де бар. Бірақ, ол іске асырылмай отырған көрінеді.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу