Жамбылда қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақтар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақтар табылды

28.07.2023

Жамбылдық тәртіп сақшылары полиция департаментінен ұрланған қару-жарақтар жасырылған жерлерді анықтады. Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қару мен оқ-дәрілер жедел іздестіру кезінде «Тектұрмас» этнотарихи кешені аумағынан табылған. Тағы бір бөлігі облыс орталығындағы көшелердің бірінде қоқыс арасына жасырылғандығы болып шықты.

Ол жерлерден қапшықтарға салынған түрлі калибрдегі мылтықтар, автоматтар, аңшы және пневматикалық қарулар шыққан. Сондай-ақ гранаталар мен оқтар, полицей каскалары, қалқандар, оқ өтпейтін жилеттер мен өзге де заттар анықталды. Қазір осы деректерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу-тексеру жүргізіліп жатыр.


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу