Екібастұзда газ құю стансасы өртке оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда газ құю стансасы өртке оранды

26.07.2023

Екібастұзда газ құю стансасы өртке оранды.

Аса қауіпті нысанда 4 рет жарылыс болған. Оператордың денесі табылды. Ол 17 жастағы бозбала. Жергілікті төтенше жағдай мамандары, марқұм нысан иесінің баласы болуы мүмкін екенін айтты. 4 резервуар және 40 газ балоны тұрған газ құю стансасы жеке меншік үйлерге өте жақын орналасқан. Сондықтан, төтенше жағдай қызметі жедел түрде бар күш құрылымдарын жұмылдырды. Өрт 1,5 сағатта сөндірілді.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу