Алматыда жанармай бекеті мен екі көлік жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жанармай бекеті мен екі көлік жарылды

06.08.2020

Алматы облысында жол талғамайтын көлік жанар-жағар май станциясында көлемі 4 текше метр газ құйылған ыдысқа соғылып жарылды.

Салдарынан екі көлік өртке оранып, екі азамат зардап шекті. Оқиға Есік қаласында сағат 10:15 шамасында болған.

Төтенше оқиғада Тойота Ландкрузер Прадо көлігінің жүргізушісі денесінің 90 пайызын күйік шалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Ал 1990 жылғы жанармай станциясының операторының кеуде қуысы зақымданып, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің нәтижесінде өрт көрші ғимараттарға өршіген жоқ.

Ерлан Ахашов, Алматы облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

«Төтенше жағдай саєат 10:15-те болды. Автокөлік жанармай құю бекетіндегі газ құтысына соғылып жарылыс болып, екі көлік жанып кетті. Зардап шеккен екі адам бар. Қазіргі таңда жағдай тқұрақты. Өрт сағат 10:52-де сөндірілді.»

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу