Әскерге шақырылғандар арасында 2,5 мың сарбаздың несиесі кейінге шегерілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерге шақырылғандар арасында 2,5 мың сарбаздың несиесі кейінге шегерілген

25.07.2023

Әскерге шақырылғандар арасында 2,5 мың сарбаздың несиесі кейінге шегерілген. Бүгін Президент қабылдауында болған Қорғаныс министрі жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың есебін баяндады. Одан бөлек, әскери қызметін өтеген 1,5 мың жауынгерге жоғары оқу орындарынан орын бөлінді. Жыл басынан бері мерзімді әскери қызметін өтеп, запасқа шығарылған 700-ге жуық сарбаз: жүргізуші, механик, машинист, слесарь, аспаз және басқа да еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алды. Ведомство басшысы территориялық қорғанысты нығайту, жауынгерлік дайындықта болатын бөлімдерді қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау, отандық өндірістің мобильді және модульдік компоненттерге көшірілуі туралы баяндады. Мемлекет басшысы қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту мәселесіне баса мән беріп, бірқатар тапсырма жүктеді.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу