Былтыр күзгі әскерге шақыру кезеңінде 33 мың азамат іздеуде болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтыр күзгі әскерге шақыру кезеңінде 33 мың азамат іздеуде болған

16.01.2023

Былтыр күзгі әскерге шақыру кезеңінде 33 мың азамат іздеуде болған. Бұған түрлі себеп, бәлкім сылтау бар. Әсіресе, көбі жұмыс бабымен өздерінің тұрғылықты жері бойынша әскери есептен шықпай кетіп қалған. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында неврологиялық, ішкі ағза мен көз аурулары жиі кездеседі екен. Жалпы, өткен жылы 35 мыңға жуық бозбала әскер қатарына алынды. Бұдан бөлек, енді әскерге шақырылған азаматтың несиесі болса, оны төлеу 13 айға кейінге ауысады. Өйткені, әскери міндетті өтеу мерзімі 12 ай. Ал қосымша 1 ай әскерден келгеннен кейін жұмысқа орналасуы үшін беріледі. Бұл туралы қорғаныс минстрлігі өкілдері мәлімдеді. 

Хабарламаларға жазылу