БҚО-да артиллериялық снаряд табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да артиллериялық снаряд табылды

21.07.2023

Батыс Қазақстан облысында Азамат соғысынан қалған артиллериялық снаряд табылды. Бәйтерек ауданы Щапов ауылында 47 жастағы тұрғын жер қазып жатқан кезде күрегі 2 метр тереңдіктегі снарядқа тиген. Оның диаметрі – 76 мм, ұзындығы 320 мм болып шықты. 3 сағаттан соң сапёрлар снарядтың көзін жойды.


Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу