БҚО-да 33 киіктің өлексесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 33 киіктің өлексесі табылды

06.01.2017
Құзырлы орган өкілдері алдымен 30 желтоқсан күні Жаңақала ауданы аумағында 14 киіктің өлексесін тапқан. Браконьерлер оның жартысының мүйізін кесіп үлгерген де, қалғанын сол күйінде тастап кеткен. Бетперде киіп, қарулы қарсылық көрсеткен қылмыстық топ ізін жасырып үлгерген.

Ал, 4 қаңтар күні Бөкей ордасы ауданында «Қызыл кітапқа» енген дала жануарының тағы 19 өлексесі табылған. Ақбөкендердің мүйізін кесіп алып, даланы қанға бөктірген қылмыскерлер қазір іздестірілуде.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу