Таулы Қарабақ тұрғындары үйлерін тастап кетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақ тұрғындары үйлерін тастап кетіп жатыр

16.10.2020

Таулы Қарабақ тұрғындары үйлерін тастап кетіп жатыр. Мұнда қақтығыстар басталғалы 6 мыңнан астам ғимарат қираған. Сонымен қатар 32 бейбіт тұрғын қаза тауып, 100-ден астамы жараланды. Бұл туралы Армения сыртқы істер министрлігі хабарлап отыр. Әзірбайжанда да талай адам құрбан болды. Кеше Тертер ауданында зиратқа артиллериялық снаряд түсіп, жерлеу рәсімінде болған 3 азамат қайтыс болған. Жалпы, ресми Бакудің хабарлауынша, бір айға жуық уақытта 43 бейбіт тұрғын жан тәсілім еткен. Армения болса, Әзірбайжанның әуе соққысынан 2 жауынгерінен айырылғанын хабарлады. 

Айта кетсек, екі ел арасында атысты тоқтату туралы бітім бір апта бұрын жасалған. Бірақ тараптар осы ымыраны сақтамады деп бір-бірін айыптап келеді.

Жансая Қапасқызы

Таулы Қарабақ Армения Әзірбайжан

Хабарламаларға жазылу