Қазақстан-Израиль кәсіпкерлерінің бизнес - форумы өтті

26.04.2017

Соңғы жылдардағы әлемдік дағдарысқа байланысты Израиль мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы төмендеп кеткен. Бұл туралы Алматыда өткен бизнес - форумда айтылды. Мамандар оның басты себебін мұнай бағасының арзандауымен байланыстырып отыр. Сондықтан, олар алдағы уақытта сауда айналымын басқа салалар арқылы арттырмақ. Соның бір тармағы - ауыл шаруашылығы мен медицина. Сондай-ақ, инвестиция көлемін ұлғайту да жоспарлануда. Ал, 1997 жылдан бері Израиль біздің елімізге 212 млн АҚШ доллар көлемінде қаржы құйған. Бүгінде Қазақстанда 270 израильдік компания жұмыс істеп жатыр.  

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу