Ең көп жалақы қай өңірде?

31.01.2020
Ең көп жалақы қай өңірде?

Елімізде 345,2 мың теңге көлеміндегі ең жоғары жалақыны Атырау облысының тұрғындары алады. Бұл көрсеткіште Түркістан облысы көш соңында тұр – 138,1 мың теңге. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлады.

Өткен жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 203883 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2018 жылғы тиісті тоқсанына 115,8%-ды, ал нақты жалақы индексі 109,9%-ды құрды. 

Ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында белгіленді – 428,3 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге көп). Одан кейінгі орында қаржы және сақтандыру қызметі саласы тұр - 402,5 мың теңге (2 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 373,4 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында 278 мың теңге (1,4 есеге асты) жалақы алады.

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 127,3 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 37,6%-ға төмен.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақыны Атырау облысының тұрғындары алады – 345,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 138,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,3%-ға төмен.

Ақмола облысында 156,4 мың теңге, Ақтөбе облысында 169,8 мың теңге, Алматы облысында 150,5 мың теңге, Батыс Қазақстан облысында 201,9 мың теңге, Жамбыл облысында 139,9 мың теңге, Қарағанды облысында 189,4 мың теңге, Қостанай облысында 161,6 мың теңге, Қызылорда облысында 159,4 мың теңге, Маңғыстау облысында 309,1 мың теңге, Павлодар облысында 177,4 мың теңге, Солтүстік Қазақстан облысында 141 мың теңге, Шығыс Қазақстан облысында 183 мың теңге, Нұр-Сұлтан қаласында 308,1 мың теңге, Алматы қаласында 248,6 мың теңге және Шымкент қаласында 152,5 мың теңгені құрайды.


Хабарламаларға жазылу