Түркия Қазақстанға гуманитарлық көмек жеткізді

30.03.2020

Қазақстан экономикасына ең көп қаржы құйған түрік инвесторларының бірі YDA Holding компаниясы елімізге бүгінгі таңда ең қажетті гуманитарлық жүк жөнелтті. Атап айтқанда, әрқайсысы мың данадан арнайы қорғаныс комбинезоны, көп мәрте қолданылатын медициналық маска, ваккумдық көзілдірік, хлорлы қолғап, сондай-ақ арнайы медициналық бетқалқан. Бұған дейін де Түркиядан Қазақстанға 100 дана инфрақызыл термометр жіберілген еді. Гуманитарлық жүк Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдігінің, сондай-ақ Air Astana компаниясының қолдауымен жеткізілді.

Айдос ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу