Табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді

18.07.2023

Табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Биылғы 1 шілдеден бастап оған 100% үстемеақы қосылады. Үкімет Мемлекет басшысының аталған салада еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында тиісті қаулы қабылдады. Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген.

Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау мен қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және тағы да басқа мамандандырылған ұйымдар жатады. Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Бұл өзгеріс осы саладағы 13 мыңға жуық қызметкердің жағдайын жақсартуға сеп болмақ. Шара білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың сапасын арттыруға мүмкіндік береді деген жоспар бар.  


Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу