Ақмола облысындағы «Алжир» музейінде лифт құлап, екі әйел жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы «Алжир» музейінде лифт құлап, екі әйел жарақат алды

17.07.2023

Ақмола облысындағы «Алжир» музейінде лифт құлап, екі әйел жарақат алды. Екеуі де ауруханада, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. 1940 жылғы елорда тұрғыны мен 1969 жылғы Ақмол ауылының тұрғыны түрлі дене жарақатын алған. Сүйектері сынған. Дәрігерлер екеуінің де жағдайы ауыр деп отыр. 83 жастағы әйел турист болып барған. 54 жастағы пациент – музейдің қызметкері. Оқиға кеше түстен кейін, сағат екілер шамасында болған. Лифт екінші қабаттан құлаған.

Гүлнәр Пинчук, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

«Алжир» музейінде лифттің құлауына қатысты Қылмыстық Кодекстің 306-бабы, 2-бөлімі, 2-тармағы, яғни «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу