Атырауда лифт шахтасында жасөспірімдер көз жұмды: кінәлі жазасыз қалды
Атырауда екі жыл бұрын лифт шахтасына құлап қаза тапқан екі жасөспірімнің ісі бойынша үкім шықты. Сот «Каспий Лифт» ЖШС-нің 53 жастағы бұрынғы директоры Қаныбек Мұратбаевты кінәлі деп таныды. Бірақ жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты оны жазадан босатты. Тергеу, сотталушы Мұратбаевтың өз жұмысына немқұрайлылық танытқанын және жеделсатылардың жұмысына бақылау жасамағанын анықтады. Жәбірленушілер тарапы әзірге талап арыз түсірмеді. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 21 мамырында Алмагүл ықшам ауданындағы №19 үйдің істен шыққан жүк тасымалдаушы лифт шахтасына 2 жасөспірім құлап көз жұмған еді. Бұл іс бойынша қылмыстық істі тергеу екі жылдан астам уақытқа созылды.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды?
15.12.2025, 16:46
Астанадағы «Келешек мектепте» алғашқы дзюдо зал ашылды
15.12.2025, 13:18
Д.Исабековтың кітабы түрікше жарық көрді
15.12.2025, 13:15
Қазақстан мен ЕуроОдақ ынтымақтастықтың 10 жылдығын қорытындылады
15.12.2025, 13:12
Иранда жанармай қымбаттады
15.12.2025, 13:09
Әрбір бесінші қазақстандық кәсіпкерлікпен айналысады
15.12.2025, 13:06
Қар, тұман, көктайғақ: ТЖД ескерту жасады
15.12.2025, 13:00
Жетісулық оқушылар ағылшын тілінде қойылымды сахналады
15.12.2025, 10:30