Елде тарифтің өсуі саланы жаңғыртуға ықпал етеді
Елімізде коммуналдық тарифтердің өсуі саладағы инфрақұрылымды жаңартуға ықпал етеді. Осы арқылы халықты жылумен, электр энергиясымен, сумен және басқа да қызметтермен үздіксіз әрі сапалы қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ, салада еңбек етіп жүрген мамандар мен жұмысшылардың жалақысы өседі. Бұл бағыттағы іс-шаралар үшін Ұлттық экономика министрлігі «Тарифты инвестицияға айырбастау» бағдарламасын жүзеге асыруда. Оған сәйкес, алдағы 7 жылда 60 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді жаңғырту көзделген. Еске сала кеткейік, коммуналдық тарифтер осы айдан бастап орта есеппен 10-30 пайызға біртіндеп өсетін болады.
Нұрлан Болатбаев, ҚР Ұлттық экономика министрлігі комитет төрағасының орынбасары:
Биылға 250 млрд сома шамасында инвестиция тарту жоспарланған, Әрине, оның біршамасы тариф арқылы қарастырылады. Соның салдарынан осы өсу көзделуде. Шамамен алатын болсақ, 8 мың-9 мың төлейтін болса коммуналдық қазметтерге енді ол қосымша 800-900 теңге, 10 пайыз болса.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ата Заң – әділетті қоғам кепілі
03.07.2026, 20:59
Жаңа Конституцияның тарихи құжаттары Президент архивіне тапсырылды
03.07.2026, 20:58
«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын
03.07.2026, 20:57
Мемлекет басшысы Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына орай құттықтау хат жолдады
03.07.2026, 20:56
Елордада киберспорттан Әлем чемпионаты өтеді
03.07.2026, 20:52
Әч: 12 құрама 1/8 финалға өтті
03.07.2026, 20:50
Шымкентте 7 жыл бойы ақша жымқырғандар сотталды
03.07.2026, 20:13
Құрылыс кодексінде кепілдік міндеттемелері күшейтілді
03.07.2026, 20:10