Хорватияда бір ауыл өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хорватияда бір ауыл өртеніп кетті

14.07.2023

Бұл Хорватиядағы орман өрті кезінде түсірілген кадрлер. Алапат тілсіз жаумен күресуге 56 өрт сөндіруші маман, 20 техника, үш ұшақ тартылған. Бой бермей жатқан жалын 1 ауылды күлге айналдырды. Ондағы автокөліктер түгел өртеніп кеткен. Тағы бірнеше елдімекенге жойылып кету қауіп төніп тұр. Өртті сөндіруге 40 градус аптап ыстық, күшті жел кедергі келтіріп жатыр. Бұған қоса айналаны басқан қою қара түтін шалғайға тарай бастаған. Дәрігерлер ол денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті. Сол себепті тұрғындарға үйде отыруға, көп су ішуге кеңес берілді. 


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу