Ақтөбе облысында ауыл клубы өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында ауыл клубы өртеніп кетті

10.06.2021

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қотыртас аулындағы клуб өртеніп кетті. Тұрғындардың айтуныша, оған найзағай түскен.

Дегенмен, Төтенше жағдай департаментінің мамандары өртке найзағай себеп болғанын әзір растай алмаймыз дейді. Қазір тексеру амалдары жүріп жатыр. Қызыл жалын 200 шаршы метрге жуық жерге жайылған. Тұрғындар жиһаздарды сыртқа шығарып үлгерген. Алдымен клубтың шатыры жанған.

Запира Аманжолова, облыстық ТЖД аға инженері: 
Жалпы аумағы 187 шаршы метр. Ақтөбе облыстық ТЖД өрт қаупісіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.өрт болған жағдайда 101 номерлеріне қоңырауды шалуды сұрайды.

 Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу