Бурабайдағы Көкше тауындағы орман өрті оқшауланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайдағы Көкше тауындағы орман өрті оқшауланды

14.07.2023

Бурабайдағы Көкше тауындағы орман өрті оқшауланды. Мұны Ақмола облысы ТЖД хабарлады. Жалын кеше тұтанған.

Өртті сөндіруге 120-дан астам маман жұмылдырылған. Бірнеше техника мен тікұшақ көмекке келген. Дегенмен қазіргі уақытта аймақтағы төтенше жағдай мамандары Біржан сал ауданында құрғақ шөп өртімен арпалысып жатыр. Тілсіз жау мың гектардан асатын жерге жайылған. Секундына 7 метрге дейін жылдамдықпен соққан жел мен ауа температурасының +38 градусқа дейін көтерілуі өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.


Торғын Мелісқызы

Хабарламаларға жазылу