Шетелдік көліктерін заңдастыруға үлгермегендер уақытша тіркеуге қоя алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік көліктерін заңдастыруға үлгермегендер уақытша тіркеуге қоя алады

13.07.2023

Шетелдік көліктерін заңдастыруға үлгермегендер уақытша тіркеуге қоя алады. Ол үшін келесі дүйсенбіден бастап арнайы қызмет іске қосылмақ. Әкімшілік полиция комитетінің хабарлауынша, бұл қызмет былтыр 1 қыркүйекке дейін елге кіргізілген көліктерге арналған. Азаматтар темір тұлпарын 5 жылға уақытша тіркей алады. Осы уақыт ішінде барлық мәселесін шешіп, автокөлігін толығымен заңдастыруы қажет. Әйтпеген жағдайда көлікті ел аумағынан шығаруға мәжбүр болады. Уақытша тіркеу науқаны бір айға созылады. Содан кейін шетелдік көлік нөмірін таққандарға қатысты шара қолданылады.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

Тіркеу туралы куәлікте уақытша есепке алу, иеліктен шығару және Қазақстан Респубилкасынан тыс жерлерге шығу құқығынсыз деген жазбалар көрсетіледі. Шетел көліктерінің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік белгілері мемлкеттік корпорацияларға сақталатын болады.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу