Қостанайлықтар шетелдік нөмірлі көліктерін тіркете бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайлықтар шетелдік нөмірлі көліктерін тіркете бастады

07.02.2020

Қостанайда шетелдік нөмірлі алғашқы екі көлік уақытша тіркеуге алынды. Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген азаматтар қазақстандық нөмір алу үшін 11398 теңге шығарған. Тарқатып айтқанда, нөмірлік белгі үшін 7422 теңге, көлік құралын тіркеу жөніндегі куәлікке 3313 теңге, алғашқы тіркеу үшін 633 теңге төлеген. 

Енді 2021 жылдың 1 наурызына дейін 927 850 теңге көлемінде көлік қалдығын жою алымын өтеуі тиіс. Осыдан кейін ғана уақытша нөмірді тұрақты нөмірге ауыстырып, шетелдік тіркеудегі көлікті өз атына түбегейлі аудара алады. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу