Елде үй бағасы арзандай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде үй бағасы арзандай бастады

11.07.2023

Екінші деңгейлі нарықтағы тұрғын үйлердің бағасы арзандай бастады. Бағаның төмендеуі, әсіресе, соңғы үш айда байқалады. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің мәліметінше, маусым айының өзінде екінші деңгейлі нарықтағы баспана 0,5 пайызға арзандап, әр шаршы метр үшін 486 мың теңге деп бағаланған. Баға, әсіресе, Көкшетау, Ақтау, Алматы, Өскемен, Қарағанды және Қостанай секілді 6 ірі қалада арзандапты. Ал басқа өңірлерлерде әзірге өзгеріс жоқ. Талдықорған қаласында керісінше қымбаттай түскен. Сондай-ақ, енді салынып жатқан тұрғын үйлердің де бағасы ырыққа көнбей тұр. Соған қарамастан, жаңа пәтер сатып алушылар азаймаған. Мәселен, соңғы бір айдың өзінде 25 мыңнан астам баспана сатылған. Бұл өткен аймен салыстырғанда 16,8 пайызға көп.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу