Мұнай арзандап, теңге қайта әлсірей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай арзандап, теңге қайта әлсірей бастады

21.12.2020

Соңғы екі апта қымбаттаған мұнай қайта арзандай бастады. Бүгін оның бағасы үш пайызға құлдырап, баррелі 50 доллардан сатылып жатыр. Құнның арзандауына коронавирус себеп. Ұлыбританияда індеттің жаңа штаммы тарады деген ақпарат қара алтынның арзандауына әсер етті дейді сарапшылар. Салдарынан нығайып келе жатқан теңгеміз де әлсіреп жатыр. 

Бүгін ұлттық валютамыз долларға шаққанда екі теңгеге арзандады. Бір АҚШ ақшасы 419 теңге, Еуро 511, рубль – 5 теңге 60 тиынға тең.

Досжан Маратұлы


Мұнай теңге

Хабарламаларға жазылу