«Тараз энерго орталығы» жабдықтарының 80 пайызы тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тараз энерго орталығы» жабдықтарының 80 пайызы тозған

11.07.2023

«Тараз энерго орталығын» бастан-аяқ жаңарту қажет. Себебі жабдықтарының 80 пайызы тозған. 58 мыңға жуық абонентке қызмет көрсетіп отырған мекемеде бұған дейін бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда әлі де жаңартуды қажет етеді. Өңірге барған Сенат депутаттары жылу орталығының жұмысын көрді. Жауапты мамандар қаржының тапшылығын жасырмады. Мәселен, 4-ші қазандықтың жүктемесін арттыру үшін 1 млрд теңгеге жуық қаржы қажет. Халық қалаулылары бұл бағытта кәсіпорындарға көмек ретінде мемлекеттік сатып алу заңына өзгерістер енгізуді пысықтап жатқандарын айтты. 

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Біз облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз. Себебі республикаға қарамай-ақ өзі қаржы бөліп, жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Екінші мәселе, бұл жерде мемлекеттік сатып алу заңына өзгерістер енгізу қажет. Ең күрделі мәселе жылыту маусымының дайындық барысын қатаң бақылауға алып, проблема көтеріп, қыркүйек айынан бастап қосымша жұмыс бастаймыз.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу