Елде 19 жылу электр орталығы «қызыл» аймаққа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 19 жылу электр орталығы «қызыл» аймаққа енді

20.12.2022

Елімізде 19 жылу электр орталығы «қызыл» аймаққа енді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі айтты. Қазір бізбен әріптесім Дарын Сағитов тікелей байланыста. Дарын, жалпы қазандықтардың жәй-күйі мен жылумен қамту мәселелерін шешуге қатысты не айтылды?

 Дарын Сағитов, тілші:

Президент тапсырмасына сәйкес, құрылған арнайы комиссия 37 жылу электр орталығының техникалық жай-күйін тексерген. Нәтижесінде, «Қызыл» аймаққа – 19, «сары» аймаққа - 11, «жасыл» аймаққа – 7 жылу қазандығы кірген. Көптеген жылу орталықтарында жабдықтар тозған. Орташа тозу көрсеткіші – 66 пайыз. Бұл ретте Орал, Степногор, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларындағы қазандықтардың тозуы 80 пайыздан асады. Орталықтардың көбі 60 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Үкімет басшысы келесі жылдан бастап жылу желілерін жөндеу бойынша ауқымды бағдарлама басталатындығын айтты.Бірінші кезекте тозу деңгейі 70 пайыздан асып кеткен желілер ауыстырылады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне электр станцияларын тексеруді 2023 жылдың І тоқсанында аяқтауды тапсырды. Бұл салада қалыптасқан нақты жағдайды білу үшін тексеру жұмыстары сапалы әрі ешқандай бұрмалаусыз, шынайы жүруі тиіс. Жылу орталықтары мен олардың жәй-күйіне арналған Үкімет отырысы туралы толық ақпаратты алдағы шығарылымдардан көре аласыздар.


Хабарламаларға жазылу