Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасы қаржылық агент қызметі үшін 2,5 млрд теңге бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасы қаржылық агент қызметі үшін 2,5 млрд теңге бермек

10.07.2023

Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасы қаржылық агенттің қызметі үшін 2,5 млрд теңгені бере салмақ. Ал қаржы ұйымы басқарма атынан қаржылық қызмет пен менеджмент мәселелеріне қатысты кеңес беру қызметін жүзеге асырады. Сондай-ақ ол шаруаларға несие беруге қатысты мәліметтерді де үйлестірмек.

«Бұл басқарма мамандарының айналысатын жұмысы» деген ел, «агент жалдау – ақшаны оңды-солды шашу» дейді. Ал Ауыл шаруашылық басқармасы бұл көрші мекеменің көмегі үшін төленетін қаржы деп түсіндірді. Айтуларынша, аймақта 4 жыл бұрын «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылады. Осы бағдарлама бойынша басқарманың қаржылық жұмыстарын «Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы іске асыратын болып бекітіліпті. Мәселен, биыл жоба аясында 24 млрд теңге бөлінсе, сол қаржының екі жарым пайызын өзге компания алмақ. Ал аталған жоба ауыл шаруашылығы саласын ілгерлетудің бес бағытын жүзеге асырады.

Айта кетейік, жоба аясында бүгінге дейін 40 млрд теңгеге жуық қаржы игерілген.

Нұржан Мұқашов, Жамбыл облысы АШБ басқарма басшысының орынбасары:

Бұл енді жеке бір ұйым емес. Осы жобамен айналысып жатқан «Тараз» кәсіпкерлік корпорациясының өзінде 55 адам жұмыс істеп жатыр. Алдағы 10 жылда қызмет көрсету үшін осы 2,5 млрд теңге көлемінде қаржы жоспарланып отыр.


Хабарламаларға жазылу