Жайық табанын тереңдету жұмыстары жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайық табанын тереңдету жұмыстары жүргізіледі

23.01.2018

Биыл Жайық және Қиғаш өзендерінің табанын тереңдету жұмыстары басталады. Балық қорын молайту үшін қолға алынған жұмыстар құнды балық түрлерінің, соның ішінде бекіре тұқымдас су маржандарының табиғи көбеюіне мүмкіндік бермек. Қиғаш өзенінің «Ганюшкино» каналының 131 шақырымдай бөлігі, Жайықтың «Яйцкий»  арнасының 65 шақырым бөлігі тереңдетілмек. Бүгінде жұмысты жүргізетін мердігер компания анықталып, жоспар жасалуда. 

Ерболат Қадимов, облыстық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары: 

- Конкурс өтті. Нәтижелері шықты. Енді, республикалық бюджет тарапынан екі объектіге 1,5 млрд. қаралып жатыр. Жаз мезгілінде басталу керек.

Ж.ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу