Су саласына бөлінген 56 млрд теңге тиімсіз жұмсалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су саласына бөлінген 56 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

20.12.2023

Су саласында 56 млрд теңге тиімсіз жоспарланып, жұмсалған. Тағы 3 млрд 300 млн теңгенің қаржылық заңбұзу фактілері анықталды. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова осылай деді. Заң бұзушылықтардың кесірінен, бюджетке 2,5 млрд теңге шығын келді. Бүгінге дейін оның 51 пайызы ғана қазынаға қайтарылған. Әкімшілік және қылмыстық іс қозғалып, бір адам бас бостандығынан айырылған. Биылдың өзінде, ауыл шаруашылығы пайдаланған судың 45 пайызға ысырап болған. Бөлінген қаржы тиімді игерілсе, елімізде су тапшылығы мүлде болмас еді. Үнемдеу технологиялары ішкі қорды жеткізуге мүмкіндік береді. Сонда, трансшекаралық өзен суларына тәуелділіктен құтыламыз. Алайда, біз суға ғана емес, қаржылай да тәуелді болып отырмыз, - деді палата төрағасы.

Наталья Годунова, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы:

Қазақстан су шаруашылығы кәсіпорыны 61 жобаны жүзеге асыру үшін шетелдік қаржы институттарынан қарыз алған. Оның 10-ы бойынша жұмыстар әлі басталмаған. Алайда, қазірдің өзінде қарыздың өзін ғана емес қосылатын пайызын да төлеп жатырмыз. Ол жақта ақша сақталып тұрғаны үшін де ақша төлейміз. Осылайша басталған жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі үлкен шығындарға әкеп соғуда.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу