Моңғолиядағы қазақтардың IV кіші Құрылтайы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолиядағы қазақтардың IV кіші Құрылтайы өтті

08.07.2023

Моңғолиядағы қазақтардың IV кіші Құрылтайында Мемлекет және қоғам қайраткерлері Құрманхан Мұқамәдиұлы мен Қызырхан Құсбекұлдарының ескерткіші ашылып, «Ғұламаның ғұмыры», «Өмірім -өзім, ісім-ізім» атты кітаптардың тұсаукесері өтті. Жиында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының ыстық ықыласын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында екі халықтың достығы мен ынтымағы артуын тіледі. Құрылтай аясында «Отандастар қорының» Моңғолиядағы белсенді өкілі Қабсаттар Омаұлы мен кәсіпкер Мұрат Дәкейұлына «Шапағат» медалі тапсырылды. Салтанатты шара соңында Қарағандының «Тәттімбет» атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жергілікті тұрғындарға арнап концерт өткізді.

Серік Селеубайұлы


Хабарламаларға жазылу